
Жаз - демалыс мезгілі, алайда дәл осы кезеңде табиғи өрттердің қаупі артады.
Тіпті кішкентай ғана ұшқын үлкен апатқа себеп болуы мүмкін.
Жамбыл облысы ТЖД ескертеді:
✔️ рұқсат етілмеген жерде от жақпаңыз;
✔️ темекі тұқылын және сіріңкені тастамаңыз;
✔️ құрғақ шөпті өртемеңіз;
✔️ балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
✔️ табиғат аясында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.
Өзіңізді, жақындарыңызды және табиғатты қорғаңыз!
Өрт болған жағдайда 📞 112 нөміріне хабарласыңыз.