Ағымдағы жылдың ақпан айында Кеңес ауылдық округі тұрғындарымен іс-шара өткізіліп «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Бүгінгі таңда Кеңес ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша «Өз- өзіне қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істеп тұрғандығы ескертілді.