Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және тасымалдау бойынша қызмет түріне конкурс

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және тасымалдау бойынша қызмет түріне конкурс

«Талас ауданы Қаратау қалалық әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және тасымалдау бойынша қызмет түріне                                                                                                КОНКУРС  жариялайды.

          Талас аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы №9-5 шешіміне сәйкес, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға, көмуге арналған тариф бойынша тұрғын үйлерге 1 тұрғын үшін айына 149,8 теңге және тұрғын емес үй жайлар үшін    1 м3 – на 2335 теңге болып бекітілді.

  1. ҚТҚ жинау және тасымалдау бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар;

1) Кодекстің 337-бабының талаптарына сәйкес қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тіркелуінің болуы;

2) Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша 38110 «қауіпті емес қалдықтарды жинау», 38210 «қауіпті емес қалдықтарды өңдеу және жою» кіші сыныбының болуы;

3) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, экологиялық талаптарға сәйкес келетін, коммуналдық қалдықтарды әкетуге арналған тиісті мамандандырылған техниканың меншік және/немесе жалға алу құқығында болуы;

4) Көлік құралдарын, спутниктік навигациялық жүйелермен жабдықтауға және осы жүйелерді тұрақты жұмыс жағдайында ұстауға;

5) автотұрақ, сақтау, техникалық қызмет көрсету және автокөлік құралдарын жөндеу үшін меншік және/немесе жалға алу құқығында жылытылатын өндірістік үй-жайлардың болуы;

6) коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызметтер көрсету үшін білікті басқарушы және Техникалық персоналдың болуы;

7) ҚТҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің сұрыптау кешеніне жеткізу кезінде қалдықтарды сұрыптауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен шарты болуға не сұрыптауды өз бетінше жүргізуге тиіс;

8) ҚТҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіруді және жоюды жүзеге асыратын, сондай-ақ сұрыптау кешеніне коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдас бөліктерін жеткізген жағдайда кәсіпкерлік субъектілерімен шарты болуға тиіс;

9) көмуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жеткізу кезінде ҚТҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері полигон операторымен қалдықтарды қабылдауға арналған шарт.

  1. Кодекстің 368-бабының 4-тармағына сәйкес ҚТҚ тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері тиісті қызметтер көрсету кезінде мыналарды сақтайды:

1) ҚТҚ тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған көлік құралдарын пайдалануға;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын "Қазақстан Республикасының қоршаған ортасы мен табиғи ресурстарының жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесіне қосылған спутниктік навигациялық жүйелермен жабдықтауға және осы жүйелерді тұрақты жұмыс жағдайында ұстауға;

3) ҚТҚ иелерімен шарттар жасасуға;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

  1. Конкурс ережелері;

1) Конкурс өткізу туралы хабарландырудан кейін өтініш берушілер конкурстық құжаттамада көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін конкурсты ұйымдастырушының атына конкурстық өтінімдерді оның кеңсесі арқылы мөрленген конвертте ұсынады.

2) Комиссия хатшысы мөрленген конвертте конкурстық өтінімдерді алғаннан кейін оның кеңсесі арқылы өтінім беруші туралы ақпаратты (атауы, мекен-жайы, конкурстық өтінімді беру мерзімі), өтінімдерді тіркеу журналына (тігілген, нөмірленген, комиссия хатшысы қол қойған және мөрм  ен бекітілген) енгізеді.

3) Комиссия конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды және жеңімпаз(дар)ды айқындау немесе конкурс өтпеді деп тану туралы шешім қабылдайды. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы, не оның міндетін атқарушы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру рәсіміне комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде комиссияның шешімі қабылданған деп танылады.

4) Конкурстық өтінімдерді қарау нәтижесі бойынша комиссия хатшысымен комиссия шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде комиссиялық барлық қатысқан мүшелері және хатшы қол қоятын комиссияның тиісті шешімі бар хаттама әзірленеді.

5) Конкурсты ұйымдастырушы хаттама рәсімделген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде барлық қатысушыларға заңды және электронды мекен-жайларына хаттаманың үзіндісін жолдайды.

Ескертпе: ТҚҚ жинау және тасымалдау аптасына 7 күн демалыссыз шығарылуға жатады.

  

Конкурска ұсынылатын құжаттар:

  1. ЖШС немесе ЖК мемлекеттік тіркеу куәлігі
  2. Салық басқармасынан қарызы бар жоқтығы туралы анықтама;

3.ТҚҚ тасымалдауға арналған техниканың құжаттары;

4.Жұмысшы саны;

5.Арнайы техникаға арналған автотұрақтың болуы;

Конкурсқа құжаттар: Қаратау қаласы, Шейн көшесі №47 Қаратау қаласы әкімі аппараты ғимаратының 2 қабатында конкурс жарияланған күннен бастап 2025 жылдың 02 сәуіріне дейін қабылданады. 

 

 

Қаратау қаласы әкімінің орынбасары,

 комиссия төрағасы ___________Ұ.Сәрсенбек 

2025 жыл _____ наурыз

                                                                                               

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және тасымалдау қызмет түріне елді мекендер, лоттар және маршруттардың бөлінісі

 

 

Лоттар саны

Маршрут

 

1

 

 

130 көше 94,8 шақырым

№3, №5 мөлтек ауданы

 

 

р/с

 

Аудан атауы

 

Қала атауы

 

Аула саны

 

Халық саны

01.07.2024

 

 

Көше саны

 

Ішкі жол ұзындығы

(км)

 

1

 

 

Талас

 

Қаратау

 

8247

 

 

28 498

 

130/

2 мөлтек аудан

 

 

94,8