Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді

Мемлекет басшысы өзінің кезекті жолдауында 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы"деп жариялауына орай «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің Талас ауданы бойынша Мансаптық орталық филиалының ұйымдастыруымен 11.02.2025 жылы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
«Жұмысшы мамандықтарының жылы» туралы өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесін аудан әкімінің орынбасары А.Абдибекова ашып, жұмыссыз адамдарға өз мамандықтарымен жұмысқа орналасуларына сәттілік тіледі.
Жәрмеңкеге Талас ауданы бойынша 19 жұмыс берушілердегі 46 және «Еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылып жатқан жұмыспен қамтудың белсенді шаралары аясында 230 бос жұмыс орындары ұсынылды.
Сонымен қатар, жәрмеңкеге қатысқан 110-нан аса аудан тұрғындарына «Еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының» бағыттары мен мүмкіндіктері толыққанды түсіндіріліп, тұжырымдама туралы ақпараттарды қамтитын 200-ден астам брошюралар таратылды.
Нәтижесінде, жәрмеңке барысында 68-ден астам адамдарға кеңестер мен сұрақтарына жауаптар берілді. Жастар практикасына – 7 жасқа, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 23 адамға, әлеуметтік жұмыс орындарына – 8 адамға, күміс жасына – 15 адамға және тұрақты жұмысқа – 17 адамға жолдамалар берілді.