Қош келдің -Әз наурыз.

Қош келдің  -Әз наурыз.

На

Наурыз- береке мен бірлік бастауы.Аққұм  ауылдық ауылдық округінде Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өткізілді.Атап айтсақ, Жастар саябағында киіз үй тігіліп,мол дастархан жасалып ,жиналған көпшілікке Наурыз көже берілді. Сонымен қатар саябақ сахнасында ұлттық өнімдерімізді паш етіп ән,би ,күй тартылып,ұлттық салт-дәстүріміз бен әдеп ғұрыптарымызды насихаттау мақсатында әр көше бесікке салу,көгендік, тулақ шашу,наурыз бата, тоқым қағар секілді сахналық көріністерт қойды. Сондай-ақ садақ ату, асық ату,қошқар көтеру,жүгіру,арқан тартыс секілді ұлттық спорт түрлерінен жарыс  ұйымдастырылды.Жиын соңында жеңімпаздар марапатталып, қарияларға ауыл жігіттері атынан шапандар кигізілді.