Мемлекеттік қызмет- халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асыру жолындағы жауапты қызмет. Өз еліңе қызмет ету-түсіне білгенге зор бақыт, мерейлі мәртебе. Болашағын осы саламен байланыстырған әрбір азамат өзіне жүктелген жауапкершілікті сезініп, адалдық, әдептілік, қарапайымдылық қағидаттарын берік ұстанып, халықтың сеніміне ие болуы тиіс. Яғни, мемлекеттік қызметші болу – бұл үлкен абырой мен міндет. Олай дейтініміз ол билікпен халық арасында байланыстырушы буын болып табылады.
Міне сол себепті мемлекеттік қызмет – барлық саланы тиімді басқаруды ұйымдастыруда жетекші рөл атқаратын мемлекеттік жүйенің ең маңызды тетіктерінің бірі. Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай қызмет ететін мемлекеттік қызметшілерден басталады. Ал, мемлекеттік қызметшінің қызметі - Отаны мен халқына адал еңбек етуімен бағаланады. Осы орайда ел үшін қызмет ететін азаматтар мемлекеттің айнасы іспетті. Олар билікте жүріп, еліміздің өсіп-өркендеуін, қоғамдағы өзекті мәселелерді халықтың игілігіне шешілуін тікелей қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметкер жан-жақты білімді ғана емес, өз жұмысына жауапкершілігі мықты тыянақты, халықпен тығыз қарым-қатынас жасай білетін білікті де кәсіби маман болуы тиіс. Мемлекет пен қоғамға қызмет ету - әрбір азамат үшін абыройлы іс. Қоғамымыздың гүлденуі мен экономикамыздың дамуы жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлесі ерекше.
Осы орайда Аққұм ауылдық округі әкімінің аппаратында ауыл әкімімен қоса екі мемлекеттік қызметші жұмыс атқарады. Біз әрдайым халық үніне құлақ асып, олармен тығыз байланыста жұмыс жасауды басты назарда ұстаймыз. Себебі «Біздің міндет-халыққа қызмет!» Сол себептен біз әрдайым халықтың көңілінен шығып қызмет етуді абыройлы міндетіміз деп санаймыз.
23-маусым «Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай, осы салада қызмет ететін барлық азаматтарды кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Аққұм ауылдық оругі әкімі
Жамбайбеков Ақылбек Манапұлы