Талас ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімі аппаратының 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

Талас ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімі аппаратының 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

          ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауыл әкімінің аппараты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.

         2023 жылдың 12 айында Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты тарпынан 20 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде электронды түрде 1, қағаз түрінде 19.

         Оның ішінде:

- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 1қызмет.

         2022 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны көбейген (2022 жылы 11 қызмет көрсетілген: Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 1 қызмет, Жер учаскесін алу үшін кезекке қою-10 қызмет).

2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілгені жоқ.

         2023  жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың  фактісі орын алмаған.

         Бұл бағытта аудан әкімі аппарат басшысымен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.

         Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен әдістемелік көмек көрсетілді.

         Сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2023  жылы 1547 ауыл тұрғындары қамтылған 8 іс-шара ұйымдастырылды, халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде (мақалалар, халықпен кездесулер, билбордтар), көрсетілетін мемлекеттік қызмет қағидалары мен өтініш үлгілері арнайы бұрышта орналастырылған.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.