Дроп болма!

Дроп болма!

2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда дроп үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді (ҚР ҚК 232-1-бап).
Бұл нені білдіреді?
Интернеттегі қылмыскерлер жасөспірімдерді алаяқтық схемаларға тартып, «жеңіл табыс» уәде етеді:
❌ «Картаңды бер – пайыз аласың»
❌ «Атыңа есепшот аш та бізге бер»
❌ «Жай ғана аударымды қабылда да, ақшаны шешіп ал»


Бейқам ұсыныс сияқты көрінуі мүмкін. Ал шын мәнінде — бұл қаржылық алаяқтыққа қатысу.
Балаңыз қылмысқа қатысы барын өзі де білмей қалуы мүмкін.
Карта бұғатталады, баланы полицияға шақыруы мүмкін. Ата-аналар да жауапкершілікке тартылуы ықтимал. Ал қылмыскерлер қорқытып, мәжбүрлеуге көшеді.


Балаларға міндетті түрде:
❗Карта деректерін, кодтарды ешкімге беруге болмайтынын
❗ Күмән тудыратын жағдайда ата-анасына немесе сенімді ересекке бірден айту керек екендігін түсіндіріңіз.