Абайлаңыз, алаяқтар!

Абайлаңыз, алаяқтар!

⚠️ Абайлаңыз, алаяқтар!

Соңғы уақытта түрлі алаяқтық әрекеттер көбейіп келеді.
Алаяқтар өздерін полиция, медицина қызметкерлері, пошта, коммуналдық қызмет немесе банк қызметкері ретінде таныстырып, сіздің сеніміңізге кіруге тырысады.
Олар телефон арқылы немесе әлеуметтік желі арқылы хабарласып, жеке деректеріңізді сұрауы мүмкін.


Есіңізде болсын: ешбір банк, медицина, полиция, пошта және байланыс операторлары SMS-кодты, банк картасының нөмірін немесе жеке сәйкестендіру нөмірін сұрамайды!
Мұндай әрекеттер – алаяқтардың ісі!


Кодты, құпиясөзді немесе банк қосымшасындағы мәліметті бөгде адамға бермеңіз.
Күмән тудырған жағдайда дереу полицияға немесе банкке өзіңіз хабарласыңыз.
Алаяқтар көбінесе «жедел әрекет ету керек» деп асықтырады – бұған сенбеңіз.
Өз деректеріңізді қорғаңыз, сақ болыңыз!
Бір сәттік қателік – үлкен шығынға әкелуі мүмкін.