2024 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан 57 су объектісінде су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленді: Аса өзенінде Ақкөл және Бөгеткөл су қоймаларымен және Билікөл көлінде 2024 жылғы 26 ақпандағы № 35 қаулысымен бекітілген, Шу өзенінде Тасөткел су қоймасымен бірге, Талас өзенінде, Аспара өзенінде Ленин жолы су қоймасымен бірге, Меркі өзенінде Шілік су қоймасымен бірге, Мақбал өзенінде, Қорағаты өзенінде Алденбай, Байтели, су қоймаларымен бірге, Теріс өзенінде Теріс-Ащыбұлақ су қоймасымен бірге, Шабақты өзенінде Ынталы су қоймасымен бірге, Бүркітті өзенінде Бүркітті су қоймасымен бірге, Қарақоныз өзенінде Қарақоныз су қоймасымен бірге, Қақпатас өзенінде Қақпатас су қоймасымен бірге, Ақсу өзенінде, Көктал өзенінде, Қарашат өзенінде Қарашат су қоймасымен бірге, Тамды өзенінде Тамды су қоймасымен бірге, Үшбас өзенінде, Құрттыбұлақ өзенінде, Ашыбұлақ өзенінде және Мүнке өзенінде, Көгершін өзенінде, Молалы өзенінде, Күндіктас өзенінде, Жаман Қарасу өзенінде, Қастек өзенінде, Суалма өзенінде, Үнгірлі өзенінде, Шатыркөл өзенінде, Майтас өзенінде, Теректысай өзенінде, Шөнгер өзенінде, Сұлутөр өзенінде, Қарақыстақ өзенінде, Қарасу өзенінде, Қызыләуіт су қоймасында, Дулатбай су қоймасында, Қаратас су қоймасында, Ақсу су қоймасында, Сарғау су қоймасында, Жартас су қоймасында және Богара 1, Богара 2 су қоймаларында.
ЕСКЕРТУ!
Су қорғау аймақтары мен белдеулері – режимдік аумақтар болып табылады, бұл Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-II Су кодексінің 1-бабы және 116-бабына сәйкес белгіленген (Қазіргі 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Су Кодексінің 1-бабы мен 85-бабына сәйкес) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен бекітілген «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» сәйкес белгіленді.
Су объектілерін және қоршаған ортаны қорғау мақсатында барлық азаматтар мен ұйымдарды Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125–126-баптарының талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.