🔰Геологтар күніне арналған студенттермен еркін форматтағы кездесу өтті

🔰Геологтар күніне арналған студенттермен еркін форматтағы кездесу өтті
🔹️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осыған орай, бүгін Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде кәсіби мереке - Геологтар күніне арналған студенттермен еркін форматтағы кездесу өтті.
🔹️Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Момынқұлұлы Молдашев, геология саласының мамандары: Тугелбаева Рахима Абдуваханқызы, Дәріқұл Әкімжан Қанышжанұлы, Рамазанов Мухтар Ганиевич және Тараз қаласы бойынша Мансап орталық филиалы директорының орынбасары Кембаев Ерғали Асамбайұлы мен облыс әкімдігінің білім басқармасының өкілдері қатысты.
🔹️Кездесуде Бауыржан Момынқұлұлы сөз алып, сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады. Геология саласының мамандары студенттермен өздерінің білімі мен тәжірибесімен бөлісіп, саладағы өзекті мәселер мен мүмкіндіктер туралы ой өрбітті.
🔹️Іс-шара соңында геология саласының тәжірибелі мамандарына құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар мен гүл шоқтары табысталды.