Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Сіздердің назарларыңызға, Жер қойнауын пайдаланушының кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларына өзгерістер енгізілуіне байланысты (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығы) (бұдан әрі – Қағидалар) 2025 жылдың 15 наурызынан бастап лицензиялық-келісімшарттық (ЛКШ-1/ЛКУ-1) міндеттемелерді орындау туралы есептер қағаз түрінде қабылданбайтынын хабарлайды.
Алдағы уақытта лицензиялық-келісімшарттық (ЛКШ-1/ЛКУ-1) міндеттемелерді орындау туралы есептер «Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасымен» (https://minerals.e-qazyna.kz) жер қойнауын пайдаланушының өкiлеттiк берiлген лауазымдық тұлғаның электрондық цифрлық қол қоюы арқылы ұсынылуы тиіс.
Қосымшаға сәйкес ЛКШ-1 есептерін жіберу нұсқаулығын жолдаймыз.