🔹Бүгін басқарма басшысы қызметіне Егембердиев Нартай Әлібекұлы. Жаңа басшыны облыс әкімінің орынбасары Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы таныстырды.
🔹Нартай Әлібекұлы 1990 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданында туған.
🔹2013 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін орман шаруашылық ісі бакалавры біліктілігімен бітірген. 2015 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі біліктілігімен бітірген.
🔹Еңбек жолын 2014 жылы «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ инженері болып бастаған.
🔹Әр жылдары «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ директорының орынбасары, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы»-ның бас сарапшысы, «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман шаруашылығын дамыту басқармасы»-ның бас сарапшысы қызметтерін атқарған.
🔹2023 жылғы мамырдан бастап басқарма басшысының орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.