
2024 жылдың 19 желтоқсан күні, сағат 13:00 шамасында «Меркі» жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалы аумағының «Қарақыстақ» шатқалының «Қапшағай» сайында Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің орманшы-қорықшылары рейдтік іс-шара жүргізу барысында А есімді азамат Елік аңына ұқсайтын жануарын атып алу фактісін анықтады.
Қазіргі таңда, оқиға орнынан «Benelli» маркалы аңшылық мылтығы және 1 дарақ жануары тәркіленіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігінің 1-сәйкес алдын-ала тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.