
Облыс аумағында дала және орман өрттерінің алдын алуға, мемлекеттік орман қоры жерлерінде табиғи өрттердің таралуына тосқауыл қою мақсатында 2024 жылғы өрт сөндіру оқу – тәжірибелік жаттығу әдістемелері өткізілді.
Аталған іс-шарада, басқармаға қарасты 15 орман шаруашылығы мекемелерінің, аудандардағы төтенше жағдайлар бөлімдерінің өрт жасақшыларының және ауылдық округтердің ерікті құралымдарының өртке қарсы іс-әрекеті және техникаларының дайындығы жүргізілді.
Жиынға Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің және Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері қатысты.