🔰Сарысу ауданының, Түгіскен, Досбол және Ақтам елді мекендерінің маңынан қоныс аударған құстарға (перелетная птица) заңсыз аңшылық жасаған 9 азамат ұсталды

🔰Сарысу ауданының, Түгіскен, Досбол және Ақтам елді мекендерінің маңынан қоныс аударған құстарға (перелетная птица) заңсыз аңшылық жасаған 9 азамат ұсталды

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметі» инспекторларының кезекті іс-шаралар жүргізу барысында,  2024 жылдың 10-14 наурыз аралығында Сарысу ауданының, Түгіскен, Досбол және Ақтам елді мекендерінің маңынан қоныс аударған құстарға (перелетная птица) заңсыз аңшылық жасаған 9 азамат ұсталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

🔹️9 аңшы қаруы тәркіленіп (оның 3-і  құжатсыз)  Сарысу аудандық полиция бөлімшесіне өткізілді.  Заңсыз атылған 6 жабайы үйрекке 110 760 теңге айыппұл салынып, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін келтірілген зиянның көлемі 166 140 теңге өндірілуде.