🔰Мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің инспекторлары заңсыз аңшылық жасап жүрген азаматты ұстады

🔰Мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің инспекторлары заңсыз аңшылық жасап жүрген азаматты ұстады

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің инспекторлары 24.01.2023 жылыкезекті рейдттік іс-шаралар барысында, Т.Рысқұлов ауданы,«Үмбет» ерекше қорғалатын табиғи аумақта, 1973 жылғы М. есімді азаматты заңсыз аңшылық жасап жүрген жерінен ұстады. Тексеру барысында 7 дана қырғауыл құсын атып алғаны анықталды. Осыған қосымша аңшы қаруының тиісті құжаттарын оқиға орнында көрсете алмағандықтан, Т.Рысқұлов АПБ-не өткізілді. Аталған дерек бойынша жиналған іс-құжаттар Т.Рысқұлов аудандық сотына жолданды.