🔰2023 жылдың 16 қаңтарында Меркі ауданы Тәтті ауылдық округінде, Шу қаласында және Мойынқұм ауданы Бірлік ауылдық округтерінде ашық түрде қоғамдық тыңдау жиналысы өткізілді.

🔰2023 жылдың 16 қаңтарында Меркі ауданы Тәтті ауылдық округінде, Шу қаласында және Мойынқұм ауданы Бірлік ауылдық округтерінде ашық түрде қоғамдық тыңдау жиналысы өткізілді.

🔹 Қызметтің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Экологиялық кодексінің 73-бабына және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығы негізінде қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларының ережесіне сәйкес, 2023 жылдың 16 қаңтарында Меркі ауданы Тәтті ауылдық округінде, Шу қаласында және Мойынқұм ауданы Бірлік ауылдық округтерінде «ҚазАвтоЖол»ҰҚ» Жамбыл облыстық филиалының «Меркі-Бурылбайтал» Республикалық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңарту, 7-273 км. жұмыстары бойынша ашық түрде қоғамдық тыңдау жиналысы өткізілді.

🔹 Тыңдалымға А.Ш.Шабданбекова қатысып, қоршаған ортаны қорғау іс-шара жоспарына сәйкес, Басқарма тарапынан және ауыл тұрғындарының экологиялық жағдайға қатысты айтылған ескертулерін, атап айтқанда жолдың сапасын сақтау, жан-жануарлардың қаупсіздігіне қатысты және шаң фракцияларын байланыстыратын экологиялық қауіпсіз құрамдарды қолдана отырып, жер, көлік жұмыстарын орындау кезінде шаңды басу, жөніндегі іс-шараларды көздеу секілді ұсыныстарын ескеріп, сұрақтарына жауап берді.