🔰15 миллион дана ағаш отырғызылды

🔰15 миллион дана ағаш отырғызылды

Аймақта орман шаруашылығы саласындағы және қасақылықпен күрес,  су шаруашылығы, жер қойнауын пайдалану, экологиялық талаптардың сақталуы маңызды.

Осыған орай, күні кеше облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің төрағалығымен орман шаруашылығы, су ресурстары, жер қойнауын пайдалану және тұрмыстық қатты қалдықтар бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен 2023 жылға арналған жоспарлар туралы жиын өтті.

Жиын барысында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасарлары Данияр Башанов жәнеНағима Темірбекова жасады.

Орман шаруашылығы - экономиканың бір саласы. Орман өсіру, орманды жаңартып отыру, орманды күту, оны кесіп, реттеу, орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау, ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттілік мақсатында алатын орны ерекше

Бүгінгі таңда Жамбыл облысындағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 4 миллион 427 мың  гектар болса, оның орман ағаштары көмкерген жерлері  2 миллион 357 гектарды құрап отыр.

Орман қоры жерлері облыс  аумағының 30,8 пайызын, ал орманды жерлері 15,5 пайызын алып жатыр.

Жыл сайын мемлекеттік орман қоры аумағындағы 5000 гектарға жуық жерге орман ағаштары көшеттен және тұқымнан егіліп келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік орман қорының аумағына 2 миллиард түп ағаш отырғызу туралы тапсырмасын орындау мақсатында табиғат қорғау және орман шаруашылығы қызметтері бірлесіп облыста орман алқаптарын ұлғайтуға және қалпына келтіруге бағытталған «Жамбыл облысында 2021-2025 жылдары ормандарды молықтыру және молайту туралы»кешенді жоспар дайындалды.

Жоспар аясында  2021-2025жылдары 140 миллион түп ағаш Жамбыл облысының мемлекеттік орман қорына егу көзделсе, 2022 жылы 13 660 гектар жерге 24,5 миллион дана ағаш отырғызу жоспарланған.

Биылғы жылдың көктем айларында 5220гектар жерге 15 миллион 300 мың дана ағаш отырғызылды және 250 гектар жерге 253 мың дана ағаш егіліп, орман толықтару жұмыстары орындалды.

Сонымен қатар 64,2 мың килограмм сексеуіл ағашының тұқымы жиналып,орман қорына250 гектар сексеуіл тұқымбағына  23,2 тонна тұқым себілді және 8190 гектар алқапқа тұқым себу жұмыстары толығымен аяқталды.

Қыс-көктем мезгіліндегі табиғи факторлардың әсерінен су қоймалардағы судың деңгейінің көтерілуінен туындайтын су тасқынының алдын-алу мақсатында,  су қоймалардың тиімділігін арттыра отырып, суармалы егістік көлемін көбейту іс-шараларын жүзеге асыру үшін, сондай-ақ, вегетация кезеңінде ауыл шаруашылығы дақылдарын уақытылы суғаруға су қоймалардағы судың толуын қамтамасыз ету үшін,  әр жылы мекеме теңгеріміндегі су қоймалары мен бөгеттерге ағымдағы жөндеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

2023 жылы көпфакторлы зерттеу жүргізу жұмыстары 10 су қоймасында жалғасады. Сонымен қатар, Меркі ауданындағы «Андас-1», «Андас-2», «Андас-3» су қоймаларын салуға республикалық бюджеттен 1,812 млрд.теңге, сондай-ақ, Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында орналасқан гидрологиялық бекеттің күрделі жөндеу жұмыстарына 448,2 млн.тенге бөлінді.

Жиын соңында облыс әкімі орынбасары Қанатбек Қайшыбекұлы ағымдағы жылы орман екпелері және сексеуіл тұқымын себу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруды, тұқымбақтардағы көшет өскіндері санын арттыруды, орман қоры және резервтік қор аумақтарындағы қасақылықпен күрес жұмыстарын жандандыруды, жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарт міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізуді, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесін ұлғайту, тарифтерді бекіту, қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу бөлігінде қалдықтарды басқару жүйесін дамытуды үйлестіру, жәрдемдесуді, су қоймаларын техникалық жарамды күйде ұстау, ағымдағы жөндеуді уақтылы және сапалы жүргізуді тапсырды.