🔰ШУ ОҢТҮСТІК - БАТЫС, ШУ СОЛТҮСТІК - БАТЫС, ШУ СОЛТҮСТІК УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ҚАТТЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ БАРЛАУ БОЙЫНША АШЫҚ ТҮРДЕ ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ.

🔰ШУ ОҢТҮСТІК - БАТЫС, ШУ СОЛТҮСТІК - БАТЫС, ШУ СОЛТҮСТІК УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ҚАТТЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ БАРЛАУ БОЙЫНША АШЫҚ ТҮРДЕ ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ.

🔹️Қызметтің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Экологиялық кодексінің 73-бабына және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығы негізінде қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларының ережесіне сәйкес, 2022 жылдың 21 қазан күні сағат 10:00-де Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайлаукөл ауылына қарасты аумақта, 2022 жылы 21 қазан күні сағат 16:00-де Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Ұланбел ауылына қарасты аумақтан «Rio Tinto Exploration Kazakhstan» ЖШС-гі лицензиялық аумақтың шекарасында Шу Оңтүстік - Батыс, Шу Солтүстік - Батыс, Шу Солтүстік учаскелерінде қатты пайдалы қазбаларды соның ішінде мыс кенін барлау бойынша ашық түрде қоғамдық тыңдау жиналыс өткізілді.

🔹️Ауыл тұрғындарының таңдауы бойынша бір ауыздан ашық түрде қоғамдық тыңдау жиналысының төрағасы ретінде Басқарма тарапынан экологиялық сараптама бөлімінің бас маманы С.Р. Нұрбаев және хатшысы ретінде жоба менеджері Д. Друзик сайлады.

🔹️Ашық түрде өтетін қоғамдық тыңдау жиналысын Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының (бұдан- әрі Басқарма) экологиялық сараптама бөлімінің бас маманы С.Р. Нұрбаев ашып берді.

Қоғамдық тыңдау барысында жергілікті жұршылықпен байланыс жөніндегі аға кеңесшісі Ж. Егізбаев арнайы баяндама оқып, аталған жобамен ауыл тұрғындарын толық таныстырды.

🔹️Одан бөлек ауыл тұрғындарының экологиялық және әлеуметтік жағдай бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.

🔹️Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау іс-шара жоспарына Басқарма тарапынан және тұрғындардың экологиялық жағдайға қатысты айтылған ескертулерін, атап айтқанда жер қойнауын барлау кезінде ауыл маңында орналасқан мал жайылым жерін шаңдатпау мақсатында үнемі су себу, ауыл аумағындағы арнайы бөлінген жерге тал-дарақтар отырғызу туралы тағы басқа ұсыныстар айтылды.