🔰Қатты қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жаратудың маңызы жоғары

🔰Қатты қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жаратудың маңызы жоғары

🔹Осы мақсатта Жамбыл облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасында «Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» мақсаты айқындалған. Бұл тұрғыда Басқармаға қатысты «Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі» индикаторы көзделген.

🔹Индикатор қол жеткізу бойынша 2021 жылдың жоспары - 13% болса, орындалуы 12,7% құрады.
Жалпы, облыс бойынша жинақталған қалдықтардың көлемі - 65,3 мың тонна, өңдеуге жіберілген көлемі - 8,3 мың тоннаны құрады.
Ал, биылғы жылға бұл индикатор 15,1 % болып бекітілген. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жоспар 5,2 % болса, оның орындалуы 103,8 пайызды құрады (5,4 %).

🔹Бүгінгі таңда өңірде тұрмыстық қалдықтар саласында 33 кәсіпорын жұмыс атқаруда (оның ішінде Тараз қаласында-22). Олар 124 арнайы техникамен қамтылған.
Сонымен қатар, 501 алаң 3961 контейнермен жабдықталған.

🔹Қалдықтарды бөлек жинауға контейнерлердің үш түрі орнатылған: торлы контейнерлер (700 дана), жабық контейнерлер (106 дана), қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер (3155 дана).
Аудан орталықтарындағы қалдықтар 5 компонентке бөлу арқылы сұрыпталынады (пластмасса және пластикалық қалдықтар, пластикалық бөтелкелер, шыны, қағаз қалдықтары, қаңылтыр банкалар).
Жиналған қатты тұрмыстық қалдықтар престен өткізіліп, шикізат алу үшін қайта өңдеуге жіберіледі (Алматы, Шымкент қалалары).

🔹Ал, қалған полигондарда қалдықтарды бөлек жинау жүйесі дамымағандықтан қалдықтар жүйесіз жиналады. Қалдықтардың түрлері бойынша сұрыптау жүргізілмей, жинақталған көлемі есепке алынбауда.

🔹Басқарма тарапынан тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін шешу үшін өңірде инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Германия мемлекетінің өкілімен және Тараз қаласының әкімдігімен қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін дамыту бойынша бірлескен жобаны іске асыруды жоспарланып отыр.

🔹Осыған байланысты, 2021 жылдың 18 қазаны мен 3 желтоқсанында бірлескен кездесулер өткізіліп, жобаны қаржыландыру мәселелері, іске асыру кезеңі талқыланды.
Қазіргі уақытта жобаға қатысты ақпарат жинау жұмыстары жүргізілуде.

🔹Сонымен қатар, Кореялық Чанджо компаниясының инвестициялық жобасы бойынша тұрмыстық қалдықтарды электр энергиясын алу арқылы қайта өңдеу жобасы ұсынылды. Бүгінгі таңда жобаға қатысты тиісті ақпараттар жинақталуда.