Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Гимн Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгінін сабақтастыратын жарқын көрінісі.

Сондықтан, елдігімізді айқындайтын рәміздерімізге әркез құрметпен қарау біздің азаматтық парызымыз.

Ел тарихынан белгілі, «Мың өліп, мың тірілген» қазақ елі жиырмасыншы ғасырдың соңында тарих сахнасында тағы бір жарқ етіп, өз түтінін өзі түтетуге жол ашқан тәуелсіздікке қол жеткізді. Ел тарихында төл рәміздеріміз айқындалып, тәуелсіз ел ретінде қадам басқанымыз халық есінде.

Ешқашан естен шығаруға болмайтын, келешек ұрпақтың санасына сіңіртетін бір ақиқат бар. Ол - мемлекеттік рәміздердің тек көркем образы ғана емес, тәуелсіз мемлекет құру идеясының жаршысы екендігі. Олар осы ізгі сезімді адамдардың жан дүниесіне сіңіріп, ақыл-ойын дарытуға қызмет етеді.

Әлемдік сахнада елдігімізді танытып, ел абыройының асқақтауында рәміздеріміз айқын көрініс табады.

Осы орайда мемлекеттік рәміздерді қабылдауға қаншалықты мән бергендігі баршамызға белгілі.

Қолда бардың қадірін білгеннің басынан бақ кетпейтінін әркез бағамдауымыз керек.

Мемлекеттік рәміздеріміздің ел үшін абыройы асқақ, мәртебесі биік болсын.

Құрметпен, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы!