🔰Өңіріміздегі экологиялық проблемаларына қоғамдық бақылау жүргізілді

🔰Өңіріміздегі экологиялық проблемаларына қоғамдық бақылау жүргізілді

📍 Ағымдағы жылдың 8-9 шілдесі аралығында Жамбыл облысына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің (ИИДМ) штаттан тыс кеңесшісі, ИИДМ-ның «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Республикалық арнайы мониторингтік тобының орынбасары Б. С. Қасымов және Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ (ОБСЕ) Бағдарламалар офисінің және «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі өкілдерінен құралған мониторингтік топ жергілікті экологиялық проблемаларына қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында келген болатын.
📍 Бағдарлама аясында мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен мониторингтік топ бірқатар нысандарға бас сұқты. Атап айтқанда Тараз қаласының сүзу алаңдары («Жамбыл су» КММ), Тараз қаласының полигоны («Жасыл Ел-Тараз» ЖШС), «Қазфосфат» ЖШС «ЖЖФЗ», «Минералды тынайтқыштар», Фосфогипс үйінділері, Жуалы ауданындағы «Burnoye Solar-1» ЖШС-гі бар.
📍 9 шілде жұма күні облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Н.М.Нұржігітовтың төрағалығымен «дөңгелек» үстел өтті. Жиынға экология саласындағы басқармалар мен кәсіпорындардың өкілдері қатысып, экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған жұмыстарының барысы туралы мәселелер талқыланды.
📍 Экологиялық проблемаларды талқылау барысында және табиғат қорғау объектілерін аралау нәтижелері бойынша оларды шешу бойынша ұсынымдар беріліп, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министріне баяндамада жарияланатын болады.