🔰Құрметті инвестор!

🔰Құрметті инвестор!

🔰Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өңірімізде балық өсіру, өндіру мақсатында инвестиция тарту үшін инвесторлармен жұмыс жасауға дайын екендігін хабарлайды.
📍Егер, Сіз өз инвестицияңызды балық өндіру саласына салып, кәсіп бастаймын деп шешсеңіз, Біз әкімшілік және консультациялық қолдау көрсетуге дайынбыз.
Сондай- ақ, қазіргі таңда балық шаруашылығымен айналысамын деген инвесторларға мемлекеттен субсидия түрінде қолдау қарастырылған. Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 47 хаттамасына сәйкес 6 бағыт бойынша субсидия түрі бекітілді.
📍 Яғни 2022 жылға жоспарлануда:
- Бекіре, албырт, тұқы, жайын, цихлид, лат, араван тұқымдастары мен олардың будандарын, шаян тәрізділерді өсіру кезінде пайдаланылатын жемдерді сатып алу шығыстарының 30 (отыз) пайызын;
- Балық отырғызу материалдарын сатып алу шығыстарының 50% - ын;
- Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу шығыстарының 50% - ын;
- Дәрілік препараттарды сатып алу шығыстарының 50% - ын;
- Аналық-жөндеу табындарын сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарының 50% - ын;
- Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субьектісі шеккен шығыстардың 25 %-ын өтеу арқылы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өзіндік құнын төмендетуге арналатын болады.