🔰Балық шаруашылығына басқаша көзқарас керек

🔰Балық шаруашылығына басқаша көзқарас керек

Еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің маңызды бір саласы – балық шаруашылығын дамыту ісі ерекше қолдауды қажет етуде. Дәл осы саланың қазанында қайнап, қайтсем нәтижеге жетем деген әрбір шаруашылықтың бұл бағыты өз болмысынан экспортқа бейім және валюталық қордың негізі бола алады. Алайда балық өнімдерінің көп бөлігінің көлеңкелі айналымға кетуінен және істің қырын білетін білікті мамандар тапшылығынан туындайтын қиындықтарға бүгінде көңіл аударатын уақыттың келгені байқалуда.
Біздің өңірімізде де облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тікелей тапсырмасы негізінде балық шаруашылығының еңсесін көтеруге барынша күш салынуда. Жылдағы дәстүрге айналған аталмыш кәсіп иелерімен қатар, жауапты мемлекеттік мекемелердің басын қосып, ашық ойын ортаға салатын семинар - кеңестің бүгінде пайдасы тиюде.
Қаншама кәсіпкердің көкейінде жүрген мәселесін еш бұқпасыз жеткізуіне мүмкіндік берілуінің арқасында аталмыш саланың өңірімізде кенжелеп қалғанын байқаймыз.
Кеше дәл осындай келелі семинар - кеңесте тағыда балық шаруашылығының бүгінгі жағдайы қаралды. «Алтын бұлақ» шаруа қожалығының балық шаруашылығы су айдыны аумағында болған басқосуда аймақ басшысы Бердібек Мәшбекұлы арнайы қатысты.
Алдымен аталмыш шаруашылықтың басшысы Абдрахим Қуанышбаев жиын басталмас бұрын өзі дөңгелетіп отырған кәсібінің жағдайымен таныстырды.
Бір ерекшелігі келген адамға тынығуға арналған орындар әзірлеп, шабақ өсіруге арналған су айдындарының жағдайы кімді болмасын таңғалдырмай қоймады.
Шаруашылық иесі бұнымен қоймай мемлекеттен алдағы берілер қолдаулардың нәтижесінде тағы алдағы жоспарларының жүзеге асарына сенім білдірді.
Танысудан кейін жиын өткізген аймақ басшысы сала мамандарының есебіне құлақ түрді.
Бірінші болып болып есеп берген облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айбар Әділбақов өңіріміздегі 142 су айдынның 84-і 75 табиғат пайдаланушыға бекітіліп берілгенін айтты. Ал қалған 58 су айдыны әзірге ешкім кәдеге жаратпауда екен.
Өңіріміздің балық шаруашылығын дамыту өңірлік бағдарламасындағы жоспарларды іске асыру барысында, балық өсіру тәлімбақтарының қуаттылығын арттыру қолға алынған. Бұған дейін облысымыздың аумағында шабақ өсіретін негізгі «Сандель» шаруа қожалығы, жеке кәсіпкер «А.Д. Чергенов» балық өсіру тәлімбағы жұмыс жасап тұрған болса, үстіміздегі жылы «Арнұр», «Қойшыбай-Ата» және «Алтын бұлақ» балық шаруашылықтары тәлімбақтарды іске қосып отыр.
«Сандель» шаруа қожалығының балық өсіру тәлімбағы 6 млн. дана шабақ дайындауға қуатты. Аталған шаруа қожалық 2020 жылы 2 млн дана шабақ өткізген болатын. Ал үстіміздегі жылы балық тұқымын өсіру үшін жалпы аумағы 2 га болатын Мәуке су тоғанын 9 млн теңгеге құрылыс жұмыстарын жүргізіп аяқтады. Бүгінгі таңда су тоғанына 2 млн. дана дернәсіл жіберсе, алдағы кундері 1 млн. дана ақ амур дернәсілін жіберу жоспарлауда.
Жеке кәсіпкер «Чергенов А.Д.» 4 мың дана шабақ, және 3 млн. дернәсіл өткізді. Бұл тәлімбақтың қуаттылығы 500 мың дана шабақ және 5 млн. дана дернәсіл дайындауға жетеді.
«Қойшыбай-Ата» ШҚ-ы да үстіміздегі жылы Талас өзенінінң бойынан балық өсіру тәлімбағының құрлысын аяқтап, 1 млн. дернәсіл жіберген болатын. Бұл көрсетекішті алдағы уақытта 2 млн. ға жеткізу көзделуде»,- деді Айбар Күнтуұлы.
Оның ішінде тағы бір ерекше жұмыстар жүргізіп отырған «Алтын бұлақ» балық шаруашылығы тұқы тұқымдас балық өндірудің көлемін биыл 50 тоннаға жеткізсе, су айдындарының көлемін арттырып, тәлімбақтың құрлысын аяқтаған. Нәтижесінде бүгінгі күні 3 млн дернәсіл айдынға жіберілді. Бұл көрсеткішті алдағы уақытта 6 млн ға жеткізуі үшін қосымша 18 га сүзгілеу алаңы берілген.
Сондай-ақ, үстіміздегі жылы «АрНұр» балық шаруашылығы Талас өзенінің бойынан уылдырықтан шабақ өндіретін цехтың құрылыс жұмыстарын жүргізіп, қазіргі таңда 95 пайыз жұмысты аяқтаған. Шілде айында Дания мемлекетінен форель балығының уылдырығын тапсырыспен алдырып, қыркүйек айында 200 мың форель шабағын өндіруді мақсат тұтқан.
Жалпы тәлімбақтың қуаттылығы 1 млн. шабақ өндіруге дейін жетпек.
Жиын барысында шаруашылық иелерінің тарапынан айтылған түрлі мәселені жеке-жеке тыңдаған аймақ басшысы сала мамандарына мәселеге деркезінде назар аудару керектігін тапсырды.