🔰Талас өзені бойында тазалық акциясы өтті

🔰Талас өзені бойында тазалық акциясы өтті

▶️Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен бастау алған акцияда Талас өзенінің жағалауындағы қоқыстардан арылту жұмыстары жүргізілді.
Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпы ұлттық жоспар шеңберінде жүйелі ұйымдастырылатын «Бірге таза Қазақстан!» акциясы төңірегінде бастау алды.
Сонымен қатар, "5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні" қарсаңында, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен жоғарғы оқу орындарының, қоғамдық ұйымдар мен волонтерлердің басын қосып, қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамайтын жастардың бар екеніне тағы бір көз жеткіздік.
Акцияға қатысушылар Талас жағалауындағы шашылып жатқан пластик қалдықтарды жинап, арнайы көлікке тиеді.
Барлығы 20-ға жуық қап тиелген көлік қоқыстарды арнайы орынға апарып төкті.
Басым көпшілігі жастарды құраған акция қоршаған ортаның ластану проблемасына, өлкеміздің табиғатын сақтаудың және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын тағы бір ұғындырды деген сенімдеміз.