🔰Байқауда оза шапқандар марапатталды

🔰Байқауда оза шапқандар марапатталды

▶️ 4 маусым, жұма күні Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәжіліс залында «Талбесік» табиғат және жабайы жануарлар дүниесін қорғау тақырыбында ұйымдастырылған Фото-бейне байқау қорытындыланды.
Аталмыш байқау басқарманың «Экологиялық ағарту және насихаттау жөніндегі іс-шараларды өткізу» жобасы аясында «Қазақстан жастарының фракциясы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен бастау алған еді.
Жиында алғы сөз алған басқарма басшысының орынбасары Айбар Әділбақов табиғаттың қорғалуын, жануарлар әлемін қылғаламмен ерекше сипаттай білген өрендердің талабына өз таңданысын жасырмады.
Жалпы байқауда екі номинация бойынша 20 үміткер өз еңбегін бәйгеге тіккен болатын. Қатысушылар қатарынан ерекшеленіп, жүлделі орындарға ие болғандарға басқарма басшысының Алғыс хатымен және ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
▶️ «Үздік бейнеролик» номинациясы бойынша:
І орын – этнограф-натуралист, құсбегі, «Ұлы шаңырақ» газетінің редакторы Сапар Сатылғанов иеленді.
ІІ орынды Тараз «Білім-инновациялық» лицейінің оқушысы Бекдәулет Сәуірбек қанағат тұтса.
ІІІ орынға №8 мектеп гимназиясының оқушысы Ертай Нұрайға бұйырды.
▶️ «Үздік фотосурет» номинациясы бойынша:
І орынды мектеп оқушысы Сұраншын Абдулла иеленсе.
ІІ орынға әуесқой қатысушы Сарымамед-оглы Хусейнге бұйырды.
Жүлделі ІІІ орынды әуесқой қатысушы Ералы Елдос қанағат тұтты.
Жиын соңында басқарма басшысының орынбасары байқауға қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін өз алғысын білдіріп, естелік суретке түсіп, тарқасты.