«Ағаш кесу және орман билеттін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі

«Ағаш кесу және орман билеттін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі

«Ағаш кесу және орман билеттін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі («Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10676 тіркелді)

Қызмет түрін қалай алуға болады?

Қағидаға сәйкес, (13-1 тармақ) - "Ағаш кесу және орман билетін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) мемлекеттік орман йеленушілерге (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүгінуге болады.

Cіз қызметті портал арқылы да аласыз. Ол үшін:

  1. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
  3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
  4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Қызмет беруші Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы, бюджетке орман пайдалану үшін төленгені туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

Сіз берген өтінішке қосымша аталған құжаттар талап етілмейді.

Құжаттар пакеті толық болған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған деректердің 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 36-бабына сәйкестігін қарайды және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ағаш кесу билетін немесе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес орман билетін толтырады, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.