🔰«Таза табиғат – өзімізден басталады»

🔰«Таза табиғат – өзімізден басталады»

Экологиялық ағарту және насихаттау мақсатында жастарды, студенттерді, жоғары сынып волонтерларын тарта отырып 10 мамыр күні Тараз қаласының Жеңіс саябағы, «Зербұлақ» демалыс орталығы мен Қарасу өзенінің бойында «Эко-сенбілік» өткізілді.
Сенбілік барысында қала жастары айналамызды таза ұстаудың маңызын, сонымен қатар күнделікті қолданылып жүрген заттардың қоршаған ортаға, қаламыздың саябақтары мен скверлеріне қаншалықты зиянын тигізіп жатқанын өз көздерімен бақылап көрді.
Қала бойынша көптеген демалыс орталықтары, скверлер және саябақтар бар. «Эко-сенбілікке» қатысу арқасында волонтерларымыздың қоршаған ортаға өздерінің қажет екендерін түсіндіру арқылы келесі қадамдарға құлшынысын оята білдік. Табиғат пен адам арасында ажырамас байланыс бар. Бұл біздің тұрып жатқан үйіміз, сондықтан жеріміздің, қаламыздың дамуына өз үлесімізді қосуды алға мақсат етіп қойдық.

Жоба "Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу" басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда.