🔰Басқарма басшысы жаңа салынып жатқан балық шаруашылығы су айдыны құрылысымен танысты

🔰Басқарма басшысы жаңа салынып жатқан балық шаруашылығы су айдыны құрылысымен танысты

29 сәуір, бейсенбі күні басқарма басшысы Аслан Оразбеков Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылына барған жұмыс сапарында жоспардан тыс балық шаруашылығы су айдыны құрылысымен танысты.
Бұл су айдынды «Қойшыбай – Ата» шаруа қожалығы қолына алған.
Қызу құрылыс үстінен түскен басқарма басшысына жұмыс барысымен қожалық иесі Бектай Ақынбек таныстырды.
Қожалық иесінің айтуынша қазіргі таңда құрылыс жұмыстары өз қарқынын алған.
Құрылыс басталғанда ойлаған ойы жүзеге аспай қалама деген күмән да болғанын жасырмайды. Уақыт өте жұмыстың көзі көрініп, көңілі орнына түскен. Ендігі мақсаты ойлаған ойын аяғына дейін бітіріп, бір жүйеге келтіруді көздеуде.
Бүгінде су айдынның айналасына құм төселіп, аумақтарын нығыздау жұмыстары қызу жүрізілуде екен.
Жалпы, «Қойшыбай-Ата» шаруа қожалығы аталмыш шаруашылық түрімен айналысып жатқанына бірінші жыл емес. Олай дейтініміз, қожалыққа Талас ауданындағы Ақкөл елді мекенінен 0,5 шақырым қашықтықта орналасқан «Ақкөл» балық шаруашылығы су айдыны 2016 жылы (31 наурызда Жамбыл облысы әкімдігінің № 104 қаулысымен) 49 жыл мерзімге кәсіпшілік балық аулау мақсатында бекітіліп берілген.
Алаңы 450 гектар, ұзындығы 10 шақырым, ені 4,5 шақырымды алып жатқан су айдынның тереңдігі 6 м, орташа тереңдігі 3 м құрайды. Бұл су айдынында балықтың 8 түрі кездеседі екен. Оның кәсіптік маңыздылары табан, тұқы, көксерке, қаракөз, дөңмаңдай, ақ амур, мөңке және жыланбас секілді түрлерін өсіруде.
Алдағы жоспарымен бөліскен шаруашылық иесі қолға алған жаңа су айдынның құрылысын ойдағыдай бітсе, бұл жерде де балықтың бірнеше түрін өсіруге ниетті екенін жеткізді.