🔰Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов «Арнұр» балық шаруашылығына барды

🔰Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов «Арнұр» балық шаруашылығына барды

Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылында орналасқан шаруа қожалықтың үлкен су айдынына бас сұққан Нұржан Молдиярұлы өсіріліп жатқан балық шабақтарын көзбен көріп, аумақпен танысты.
Шаруа қожалық иесі Руслан Сауранбаев облыс әкімінің орынбасарына балық шаруашылығының жай-күйімен таныстырды.
Балық шаруашылығын қолға алғанына 4 жылдан астам уақыт қана болған кәсіпкер бүгінде тауарлы балық өсірумен шұғылданып жатқанын жеткізді.
Бұл шаруашылықтың бір ерекшелігі сол, шаруа қожалық иесі балық саласымен қатар, су айдынның жағасын туризмдік мақсатта, яғни демалыс орындарын қолға алумен көпшіліктің қолдауына ие болған.
Су айдынның жағасына тұрғындарға демалыс орындарын да ойластырған. Бүгінде өзінің бұл жоспары ойдағыдай іске асып жатқанын жеткізді.
Сонымен қатар, қожалық иесі өткен жылы салынған 4 бассейн жұмысымен де таныстырды. Облыс әкімінің орынбасары аталмыш шаруашылық аумағының екінші бөлігіндегі бұл бассейндерде өсіріліп жатқан форель балығының өсіру барысына қанықты.
Өткен жылдың қараша айында бассейндерге 11-12 грамдық 147 мың дана форель балығы жіберілген. Араға 4-5 ай уақыт салып 250-300 грамға дейін жеткен балық түрін бүгінде саудаға шығарылуда екен. Көпшіліктің сұранысына ие балық түрін өсіруді қолға алған қожалық иесі осы салада әлі де қолдау болса дейді.
Мәселен, алдымен үкімет тарапынан берілетін субсидиялау, шаруашылықтың аумағына электр энергиясын толықтай тарту, сонымен қатар, газ тарту мәселесін шешу бойынша бірқатар мәселелерді атап өтті.
Өз кезегінде Нұржан Молдиярұлы барынша бағыт-бағдар берілетінін жеткізді. Әсіресе, электр энергиясы және газ тарту мәселесінде қолдау керектігін жеткізіп, тиісті аудан әкімі орынбасары және ауыл басшылығына тапсырма берді. Сонымен қатар, тиісті басқарма басшылығына бақылаудан тыс қалдырмауды тапсырды.
Ал, шаруашылық иесі Руслан Сауранбаев облыс әкімінің орынбасарына балық шаруашылығын дамытуда алда әлі талай жоспары бар екенін жеткізді. Бұл жоспарларының іске асарына, басшылықтан қолдау боларына сенім білдірді.