🔰Жамбыл облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасы тармақтарын орындау бойынша жұртшылықпен онлайн-кездесу өтті

🔰Жамбыл облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасы тармақтарын орындау бойынша жұртшылықпен онлайн-кездесу өтті

Бұл кездесу Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 42 отырысы хаттамасының 2.2.1. тармағына сәйкес, экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасын іске асыру бойынша іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету және жұртшылықпен тұрақты негізде кездесулер өткізу тапсырмасының негізінде жүзеге асуда.

Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аслан Оразбеков және Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Құрманбаев Мұрат және өзге де мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

2020 жылы өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін жұртшылықпен, мүдделі мемлекеттік органдармен экологиялық проблемаларды талқылау бойынша кездесу өткізілген. Оның нәтижесінде проблемаларды кешенді шешу жөніндегі Жол картасы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлікпен бірлесіп бекітіліп, онда атмосфералық ауа сапасын жақсарту, ағынды суларды, қалдықтарды басқару, көгалдандыру, қоршаған ортаның сапасы туралы халықты хабардар ету бағыттар бойынша пәрменді шараларды іске асыру көзделген.

Бекітілген жоспардың орындалуы аясы бүгінгі кездесуде сараланды.

Кездесуде көтерілген басты мәселелердің бірі ол Тараз қаласында кәріздік тазарту кешенін салу болды.

«ТКШ «ҚазОрталығы» мәліметіне сәйкес, тазарту құрылыстарын іске асырудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 53 жоба тізбесіне Жамбыл облысы бойынша 4 қала енгізілді. Бірінші кезекте Жаңатас қаласында (2021 жылы), екінші кезекке Тараз қаласында (2022 жылы), содан кейін Қаратау, Шу қалаларында құрылыс жұмыстары жоспарланған. ТКШ «ҚазОрталығы» оны халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздары арқылы іске асыру үшін жобаларға тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді» - деді басқарма басшысы Аслан Оразбеков.

Бұдан өзге, жиында ҚТҚ полигондарын экологиялық талаптарға сәйкес келтіру бойынша, Саудакент ауылында ҚТҚ полигонын салу, Экопатрульдеу (рейдтер) жүргізу және рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату («Waste to energy») зауытын салу үшін жер учаскелерін беру, инфрақұрылым және қалдықтармен кепілдендірілген жүктеме мәселелері,Тараз қаласында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауытын салу сұрақтары төңірегінде меселе көтеріліп, қаралды.

Қатысушы тараптардан ұсыныс, пікірлері тыңдалды.