🔰Басқарма ұжымы Тараз қаласы аумағында өткен санитарлық тазалау жұмысына қатысты

🔰Басқарма ұжымы Тараз қаласы аумағында өткен санитарлық тазалау жұмысына қатысты

🔹26 наурыз, қасиетті жұма күні Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұжымы өзіне бекітілген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді. Нақтылай айтқанда, игі шара Тараз қаласындағы Байзақ батыр көшесінен бастау алып, Ташкент көшесінің қиылысына дейінгі аумақта өтті.
🔹Тазалық жұмысына барлығы 20-ға жуық қызметкерлер қатысса, қоқысты шығару жұмысына арнайы көлік бөлінді.
🔹Түс ауа бастаған, шарада жол жиегіндегі қоқыс қалдықтары тазаланып, су каналындағы ағын суға кедергі келтіріп тұрған пластик қалдықтарынан толықтай тазартылды. Тазалық жұмыстарының соңында жинақталған 5 қап қоқыс пен пластик қалдықтары арнайы көлікпен белгіленген орынға жеткізілді.