🔰Талас өзені бойына тазалық акциясы ұйымдастырылды

🔰Талас өзені бойына тазалық акциясы ұйымдастырылды

🔹 21 наурыз, жексенбі күні облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашевтың қатысуымен және бірнеше мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қолдауымен Талас өзені бойына тазалық акциясы өтті.
🔹 Бұл шара кешегі күннен бері бүкіл елімізде ұйымдастырылған "Таза табиғат" ұлттық жобасының аясында өтіп отыр.
Шара аясында 40 қаптан астам қоқыс жинақталып, бөлінген техникамен арнайы орынға шығарылды.
🔹 Таңмен таласа басталған акцияда барлығы 40-қа жуық азамат атсалысып, сауапты істе белсенділік танытты.
🔹 Сонымен қатар, бұл тазалық акциялары өңіріміздегі Ақкөл, Билікөл, Бөгеткөл деп аталатын су айдындарында да бір мезетте ұйымдастырылды.