🔰Табиғат жанашырлары тал егу акциясына қатысты

🔰Табиғат жанашырлары тал егу акциясына қатысты

🔹20 наурыз, сенбі күні Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Таза табиғат» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған «Менің жасыл орманым» акциясына қатысты. Аталмыш акция Тараз қаласындағы №13 Бәйтерек мөлтек ауданында өтті.

🔹Бас - аяғы 21 мемлекеттік мекеме қатысқан шараға облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев та келіп қолдау білдірді. Сонымен қатар, басқармаға қарасты орман шаруашылығы мекеме қызметкерлері де арнайы техникамен ағаш отырғызуға орын әзірлеп, қажетті құралдармен қамтыды. Дайындалған аумаққа жиынтығы 1500 түп ағаш көшеттері отырғызылып, арнайы техникамен жеткізілген су түптеріне құйылды.

🔹Осылайша, бүгін мекеме қызметкерлері сауапты іске белсене атсалысып тарқасты.