🔰 Басқарма: қатты қалдықтарды ұтымды басқару оқыту-тренингі өтті

🔰 Басқарма: қатты қалдықтарды ұтымды басқару оқыту-тренингі өтті

🔹25 ақпан, сәрсенбі күні басқарманың мәжіліс залында «Қазақстандық қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мамандары «Тараз қаласы бойынша қалдықтарды басқаруды ұтымды жүйесін енгізу» бойынша оқыту –тренингін өткізді.
🔹Аталған тренингке Жамбыл облысы бойынша экология департаменті мамандары және Тараз мемлекеттік өңірлік университеті мұғалімдері, Тараз металургиялық зауыты мамандары, “GLOBAL COFFEE TARAZ” ЖШС-і, №7, №24 орта мектеп мұғалімдері қатысты. Жиында алғаш сөз алған «KazWaste» Қазақстандық қалдықтардын басқару ассоциациясының координаторы Рыскулова Айжан қарапайым тұрмыстық өмірде тұрмыстық қалдықтарды игеруді, басқарудың негізгі тетіктерімен бөлісті. Оның сөзінше қатты, тұрмыстық,әсіресе пластик қалдықтарының бүгінгі қоғамдық ортада көптеп орын алуы экологиялық зиянын тигізбей қоймайды.
📍 Сондықтан, бұл қалдықтарды игерудің ең қарапайым жолы мектеп қабырғасынан және күнделікті жұмыстық ортада қағаз қалдықтар мен пластик қалдықтарды бөлек жинауға бейімделу керектігін жеткізді. Осы және өзге де пайдалы кеңестермен бөліскен модератор экологиялық тазалықты сақтауға шақырды.
📍 Жиын соңында қатысушы тараппен тақырып аясында екі жақты пікір алмасты.