🔰Байзақ ауданының инвесторлары балық шаруашылығын дамытуға атсалысуда

🔰Байзақ ауданының инвесторлары балық шаруашылығын дамытуға атсалысуда

🔹Бұлай деуге де негіз бар. Кеше басқарманың жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығының бөлім басшысы Талғат Шайхиев Байзақ ауданындағы инвесторлармен жүздесті.
Аталған кездесуде балық өсіру, өндіруге ниетті инвесторлардың мәселелерін тыңдап қайтты.
🔹Сонымен қатар, шаруашылық басшылары алға қойған жоспарларымен де бөлісті. Мәселен, балық өсіру шаруашылығын дамыту үшін инвестор Шалқар Хамиди Дания мемлекетіне 100 мың дана шабақ алуға тапсырыс беріп қойған. Алдағы уақытта 10 млн. қаражат салып, кәсібін дөңгелетуге ниетті екенін жеткізді.
🔹Сондай-ақ, «Жанат» шаруа қожалығының иесі Жанат Шайділдаева болса, балық өсіру үшін мемлекеттен 5 млн. теңге грант ұтып алып, кәсібін алға жылжытуда.
🔹 Жүздесу барысында бөлім басшысы Т.Шайхиев аталған шаруа қожалық басшыларының жұмыстарын бағамдай келе, алдағы уақытта Басқарма тарапы инвесторлармен балық өсіру, өндіру бағытында тығыз жұмыс жүргізетінін жеткізді.