🔰Ерекше форматтағы есепті кездесу

🔰Ерекше форматтағы есепті кездесу

🔹17 ақпан, сәрсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев орман шаруашылығы саласындағы өткен жылғы атқарылған жұмыстар және ағымдағы жылғы жоспарға құлақ түрді.
🔹Бұл мақсатта Луговой орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінде есепті жиын өтті. Жиын алдында облыс әкімінің орынбасары Ақыртөбе орман шаруашылығының және Луговой орман шаруашылығы мекемелерінің жұмыстарымен танысып, техникалардың дайындағын бағамдады. Осыдан кейін, мәжіліс залында басқосып, басқарма басшысы Аслан Оразбеков өткен жылғы атқарылған жұмыстарға және ағымдағы жоспарлармен бөлісті.
🔹Бұл жолғы есептік кездесу жылдағы форматтан ерекшеленді. Яғни, облыс әкімінің орынбасарыБерік Нығмашев мекемелердің дайындығын ауыз екі сөзбен емес, көзбен көріп баға берді.
🔹Сонымен қатар, жиында Меркі және Ақкөл орман шаруашылығы мекеме директорларының есептері тыңдалды. Өткен жылы аталмыш мекемелердің аумағы өрт көп шарпыған мекемелер қатарында. Осы және өзге жұмыстар барысын таныстырған мекеме директорларына облыс әкімінің орынбасары өткен жылғы кемшілікті қайта қайталамас үшін дайындықты сақадай сай жүргізу керектігін тапсырды.