🔰 Бүгін 15 білімгерге «Балық өсіру маманы» куәлігі табыс етілді

🔰 Бүгін 15 білімгерге «Балық өсіру маманы» куәлігі табыс етілді

🔹Облысымыздағы балық өсіру мамандарының тапшылығы туралы бұған дейін де талай көтерілгені белгілі. Осы мәселені шешу мақсатында ағымдағы жылы Құлан агротехникалық колледжінде балық шаруашылығы саласына арнайы курс ұйымдастырылған.
🔹Аталған курсқа ниет білдіріп қатысқан 15 білімгер қазан –желтоқсан айлары аралығында курсты аяқтап, бүгін «Балық өсіру маманы» куәлігін қолдарына алды. Осы мақсатта, аталмыш оқу ордасында арнайы жиын болып, басқарма мамандары шараға онлайн түрде қатысты.
🔹Естеріңізге сала кетсек, бұл қысқа мерзімді курста оқуға 15 адам ниет білдірген еді. Олар, «Brilliance Company» ЖШС – 3, «Боранды» Ш/Қ – 3, «Сандель» Ш/Қ – 3, «Қойшыбай-Ата» ШҚ – 3, «Абылай» ШҚ – 1, «Өрлеу» ШҚ – 1, ЖК «Хе В.» - 1 адам қатысты.
🔹Ағымдағы жылдың 3 ай аралығында оқу орнында балық өсіру бойынша сабақтар өткізіліп, теорияның шыңдау мақсатында балық шаруашылығы су айдындарында тәжірибелік сабақтар өткізілді. Ендігі балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру маманы ретінде жұмысқа орналасатын болады.