Басқарма басшысының түсіндірме жұмастарын өткізді

Басқарма басшысының түсіндірме жұмастарын өткізді

2026 жылғы 30 шілде күні Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәжіліс залында басқарма басшысы Егембердиев Нартай Әлібекұлының қатысуымен басқарма қызметкерлеріне арналған түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Іс-шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Ұлттық баяндаманың негізгі бағыттары таныстырылып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-1 және 4-2-бөліктерімен толықтырылуына қатысты өзгерістер жан-жақты түсіндірілді.

Кездесу барысында заңнамаға енгізілген өзгерістердің мазмұны талқыланып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттарын сақтау және заң талаптарын мүлтіксіз орындаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.