Тараз қаласының прокуратурасы ұйымдастырған азаматтарды қабылдау өтті

Тараз қаласының прокуратурасы ұйымдастырған азаматтарды қабылдау өтті

2026 жылғы 21 мамыр күні Тараз қаласында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Қоғаммен байланыс» жобасы аясында азаматтарды қабылдау іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара Тараз қаласының прокуратурасы бастамасымен, Жамбыл облысының прокуратурасы басшылығының қатысуымен өтті.

Қабылдау Қайрат Рысқұлбеков саябағы аумағында ұйымдастырылып, оған бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Аталған шараға Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан бас маман Сатенов Абылхан Александрович қатысып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар экологиялық мәселелер, табиғатты пайдалану, жасыл аймақтарды күтіп ұстау және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы сауалдарын қойып, тиісті түсіндіру жұмыстарын алды. Сонымен қатар азаматтардың өтініштері назарға алынып, заң аясында шешу жолдары түсіндірілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — халықпен ашық байланыс орнату, азаматтардың өзекті мәселелерін тыңдау және құқықтық көмек көрсету. Мұндай кездесулер мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы өзара сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.