2025 жылы жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдердің бюджетке түсуі және су қорын қорғау жөніндегі іс-шараларға бюджет қаражатының жұмсалу сомасы

2025 жылы жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдердің бюджетке түсуі және су қорын қорғау жөніндегі іс-шараларға бюджет қаражатының жұмсалу сомасы

Қазақстан Республикасының Су кодексінің талаптарына сәйкес басқарма хабарлайды:

- Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің деректеріне сәйкес, БЖК 105303 «Жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем» бойынша 2025 жылға бекітілген жоспар 61 447,0 мың теңгені құрайды. Нақты бюджетке 72 426,3 мың теңге түсті, орындалуы – 117,9%. 2024 жылмен салыстырғанда өсім 103,5%-ды құрайды (2024 жылғы түсім – 69 981,0 мың теңге);

- Шу-Талас бассейніндегі су объектілерінің ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болдырмау мақсатында, 2025 жылғы жоспарына сәйкес, облыс аумағында орналасқан 40 су нысанына (144 722,2 мың. теңге) (Ақсай өзенінде, Көксай өзенінде, Шақпақ өзенінде, Кішкене-Бақаты өзенінде, Ақсу өзенінде, Қарабақыр су қоймасында, Шалке су қоймасында, Қыршабақты өзенінде, Талды бұлақ өзенінде, Актоғай өзенінде, Соғаты өзенінде, Қайындысай өзенінде, Мамай-Қайынды өзенінде, Шолақ-Қайынды өзенінде, Қызтоғансай өзенінде, Жарлысу өзенінде, Б. Қайнар өзенінде, Ащыбұлақ өзенінде, Тогайтал өзенінде, Қоралас өзенінде, Карагоу өзенінде, Жіңішке Западный өзенінде, Жанасай өзенінде, Ырғайты өзенінде, Қалғұтты өзенінде, Қопалысай өзенінде, Шаладыр өзенінде, Кербұлақ өзенінде, Шоқпар өзенінде, Қараултөбе өзенінде, Құлақшынсай өзенінде, Жалқамыссай өзенінде, Дарбаза су қоймасында, Бөлекқызыл су қоймасында, Қазақбай су қоймасында, Ойық су қоймасында, Жәдік су қоймасында, Сарыбалдақ су қоймасында және Жиеналы су қоймасында) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеуді көздейтін жұмыс жобасы әзірленіп, Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы 2 желтоқсанындағы «Жамбыл облысының аумағындағы су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы»

№ 247 Қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) бекітіліп, кеңістік деректері мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді.