
🔹️2026 жылғы сәуірдің 3-ші жұлдызы күні, Жамбыл облысы Әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Сапсан" жедел қызметінің инспекторларымен және Жамбыл облысы ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлескен іс- шаралар жүргізу барысында, Тараз қаласынан шамамен 60-70 шақырым жерде, Жамбыл ауданына қарасты, орман қоры деп саналатын,құмды алқапта, "Д" жерді мекенінінде мал бағумен отырған "Б" есімді уақытша жер пайдаланушының үйінің ішінен, сойылып тасталған қарақұйрық аңының етіне ұқсайтын 1(бір) дана ұша бөлшектері табылды. Тексеру барысында, малшы ретінде екі жылға жуық жалданып, осы үйде тұрып жатқан "К "есімді азамат анықталып, жоғарыда аталған қылмысқа қатыстылығын мойындады.
🔹️Ол өз түсінігінде екі -үш күн бұрын, жылқы іздеп жүріп, мотокөлікпен қарақұйрық аңын қуып жүріп, құлатып, оны сол жерде сойып, үйге алып келгенін, басы мен терісін қапқа салып, екі шақырым жерде далада тастап кеткенін айтты. Осыған қосымша өз еркімен құжатсыз сақтап,қолданып жүрген 16-шы калибрлі мылтығын, екі патронымен берді.
🔹️Мекеме инспекторларымен, алгоритм бойынша, Жамбыл аудандық полиция бөліміне хабарланып, олардың жіберген жедел -тергеу тобымен ,тиісті шұғыл- тездету, құжаттау іс шаралары жүргізілді. Күдікті азамат өз еркімен құмның арасынан аңның бас- терілерін жедел тергеу тобына көрсетіп, ол құжатталды.
Бүгінгі таңда, Жамбыл аудандық полиция бөлімімен ҚР ҚК -нің 337- бабы 4-ші бөлігімен қылмыстық іс қозғалуда. Тиісті сараптамалар тағайындалуда.