
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан бастап өңір халқымен, ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен, кәсіпкерлермен, әлеуметтік сала қызметкерлерімен, сондай-ақ жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың өкілдерімен кездесулер өткізді.
Осы орайда, 2026 жылдың 8 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Сейтжан Кенжеғұл Социалұлымен кездесу барысында Басқарма басшысының орынбасары М.А.Уристенов «2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы» баяндама жасап, баяндама барысында қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында өнірдегі экологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша сұрақтар талқыланып, қорытындысы бойынша Сейтжан Кенжеғұл Социалұлы көтерілген мәселелерді жеке бақылауына алатынын атап өтті.