Орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасы толықтырылды.

Орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасы толықтырылды.

Орман қорын сақтау және өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында облыс әкімі Е. Қарашөкеевтің бастамасымен орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жаңа арнайы техникалармен толықты.

Атап айтқанда, Өнеркәсіпті дамыту қорынан лизингтік қаржыландыру аясында 15 бірлік «JAC» маркалы кіші кешенді өрт сөндіру автокөлігі және «Жамбыл табиғат» қоғамдық қоры есебінен 9 бірлік «Соболь» қызметтік автокөлігі, 17 бірлік мотоцикл, 4 бірлік «Toyota Hilux» және 15 бірлік пилотсыз ұшу аппараттары алынып, орман шаруашылығы мекемелеріне табыс етілді.

Жаңа техникалар орман алқаптарында жедел патрульдеу жұмыстарын ұйымдастыруға, өрт қауіпті кезеңдерде мониторинг жүргізуге, өрт ошақтарын ерте анықтауға және төтенше жағдайларға уақтылы әрекет етуге мүмкіндік береді. Әсіресе пилотсыз ұшу аппараттары арқылы орман аумақтарын бақылау күшейтіліп, адам күші жетпейтін аумақтарды қадағалау тиімді жүзеге асырылмақ.

Аталған шаралар өңірдегі орман қорын сақтау деңгейін арттыруға, табиғи ресурстарды қорғауға және орман шаруашылығы саласының жұмыс тиімділігін күшейтуге бағытталатын болады.