🔰Қызыл кітапқа енгізілген жануарды ату фактісі тіркелді.

🔰Қызыл кітапқа енгізілген жануарды ату фактісі тіркелді.

🔹️ 2025 жылғы 16 желтоқсан күні, сағат 12:00–13:00 аралығында «Қордай ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» КММ-нің қорықшылары «Жусандала» мемлекеттік қорық аймағына кіретін «Аңырақай» орманшылығында кезекті рейдтік іс шара кезінде «JMC Dadao» маркалы жол талғамайтын автокөлігін ұстады.

🔹️ Оқиға орнынан Қазақстан Республикасының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген 2 дарақ Қарақұйрық аңының ұшасы, 2 дарақ кекілік құсы және 5 дана аңшылық қаруы анықталды.

🔹️ Қазіргі таңда, барлық материалдар Қордай аудандық полиция бөлімшесіне тапсырылып, тиісті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.