ҚАСАҚЫЛЫҚПЕН КҮРЕС. 2024 ЖЫЛҒЫ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕР.

ҚАСАҚЫЛЫҚПЕН КҮРЕС. 2024 ЖЫЛҒЫ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕР.

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты мекемелер 2024 жылы жануарларды заңсыз аулаумен күресті күшейтті. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде бірқатар қылмыстық құқықбұзушылықтар анықталып, кінәлілер заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылды.

Төменде әр іс бойынша қабылданған шаралар мен сот шешімдері көрсетілген:

 

  1. Байзақ ауданы (16.01.2024)

«Ә» есімді азамат 1 дарақ ҚР Қызыл кітабына енгізілген қарақұйрықты заңсыз атқаны анықталды.
🔸 Сот шешімі: 4 жыл бас бостандығын шектеу
🔸 Айыппұл: 36 920 теңге
🔸 Табиғатқа келтірілген залал: 4 430 400 теңге (толық өндірілді)

  1. Талас ауданы (17.02.2024)

«А» есімді азамат 1 дарақ ҚР Қызыл кітабына енгізілген қарақұйрықты заңсыз атқаны анықталды.
🔸 Сот шешімі: 3 жыл бас бостандығын шектеу
🔸 Айыппұл: 73 840 теңге
🔸 Залал: 4 430 400 теңге (толық өндірілді)

  1. Мойынқұм ауданы (08.10.2024)

«Ө» есімді тұрғынның автокөлігінен 1 дарақ ҚР Қызыл кітабына енгізілген қарақұйрықты заңсыз атқаны анықталды.
🔸 Сот шешімі: 3 жыл бас бостандығын шектеу
🔸 Айыппұл: 73 840 теңге
🔸 Залал: 4 430 400 теңге (толық өндірілді)

  1. Т.Рысқұлов ауданы, «Үмбет» ЕҚТА (11.11.2024)

«К» есімді азамат ерекше қорғалатын табиғи аумақтың аумағынан 1 дарақ жабайы шошқаны заңсыз атқаны анықталды.
🔸 Сот шешімі: 3 жыл бас бостандығын шектеу
🔸 Айыппұл: 73 840 теңге
🔸 Залал: 2 769 000 теңге (толық өндірілді)

  1. Талас ауданы (06.12.2024)

«Қ» есімді азамат ҚР Қызыл кітабындағы 6 қарақұйрық аңын заңсыз атқаны анықталды.
🔸 Сот шешімі: 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру
🔸 Айыппұл: 73 840 теңге
🔸 Залал: 26 582 400 теңге, оның 17 721 600 теңгесі өндірілді,
ал 8 860 800 теңге өндіру сатысында.

  1. Меркі ауданы, «Меркі» ЕҚТА (19.12.2024)

«К» есімді азаматтан 1 тау елігі тәркіленді.
🔸 Айыппұл: 83 070 теңге
🔸 Залал: 2 769 000 теңге (толық өндірілді)

  1. Сарысу ауданы (31.01.2024)

«Н» есімді азаматтан ҚР Қызыл кітабындағы 1 дарақ қарақұйрық аңын заңсыз атқаны анықталды.

🔸 Сот шешімі: 3 жыл бас бостандығынан шектеу
🔸 Залал: 4430400 теңге (толық өндірілді)

Жалпы салынған табиғат заңнамасын бұзған азаматтарға сот шешімімен 415 350 теңге айыппұл салынды. Табиғатқа келтірілген залал көлемі 49 842 000 теңгені құрады. Қазіргі таңда, 40 981 200 тенге өндірілді.

2025 жылы да Басқармаға бағынысты мекемелермен 7 қылмыстық құқық бұзушылықтар анықталып, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде.

Заңсыз аң аулау – ауыр қылмыс

Заңсыз аңшылық жасау, сирек және жойылып бара жатқан жануарларды ату – қылмыстық жауапкершілікке әкелетін ауыр құқықбұзушылық. Әрбір азамат Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын қатаң сақтауға міндетті.

Жамбыл облысының табиғи байлығын қорғау – ортақ парызымыз. Басқармаға қарасты мекемелер заңсыз аңшылықпен күресті үздіксіз жалғастырады, браконьерлікке нөлдік төзімділік принципі сақталады.

Табиғатты қорғайық!