🔰Жамбыл облысында заңсыз аңшылық фактісі анықталды

🔰Жамбыл облысында заңсыз аңшылық фактісі анықталды

🔹️2025 жылдың 27 қараша күні, таңғы 05:00 шамасында «Сапсан» мамандандырылған жедел қызметінің және Шу–Талас бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары бірлескен рейд жүргізу барысында Талас ауданы, Аққұм кенті маңындағы құмды алқаптан заңсыз атылған қарақұйрыққа ұқсас жануардың ұшасын анықтады.

🔹️Оқиға орнынан «А» және «Ж» есімді азаматтар жол талғамайтын автокөлігімен ұсталып, бір бірлік аңшы қаруы тәркіленді.

🔹️Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

🔹️Қазіргі уақытта іске қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.