
🌲Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады.
Бұл бастама еңбек адамдарының қоғамдағы беделін арттыруға, олардың еңбегіне деген құрметті күшейтуге және жұмысшы мамандықтарының маңызын айқындауға бағытталған.
🌲Осыған орай орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері арасында Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған дәстүрлі спартакиада өткізілді.
🌲Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық рухты нығайту және орман шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің бірлігін арттыру.
🌲Қатысушылар футбол, волейбол, арқан тарту, үстел теннисі секілді спорт түрлерінен бақ сынасып, өздерінің ұйымшылдығы мен белсенділігін көрсетті.
🌲Спартакиада жоғары деңгейде өтіп, орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекке деген құрметі мен кәсіби ынтымағын айқын көрсетті.