
🌿2025 жылғы 23 қазан күні түнгі сағат 02:15 шамасында Мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің инспекторлары рейд барысында мотоцикл мінген азаматты ұстады. Тексеру кезінде оның көлігінен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген бір дана Қарақұйрыққа ұқсас жануардың ұшасы табылды.
🌿Аталған дерек бойынша Мойынқұм ауданының полиция бөлімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
⠀
🌿 Табиғатты қорғау – ортақ міндет!